Posted inЖаңалықтар

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының Алматы қаласындағы автобус парктерінің басшыларымен кездесуі.

ckst/Posted on /Comments Off

2020 жылғы 10 қаңтарда Көлік мамандарының біліктілік орталығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Динар Жүсіпәліқызы Нокетаева мен Нұртөре Байтелесұлы Жүсіп Алматы қаласындағы автобус парктерінің басшыларымен кездесті. Кездесуге Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасы мен Алматы қаласының Жолаушылар тасымалы кәсіпорындары қауымдастығы да қатысты.

Кездесу барысында Сенат депутаттары Қалалық жолаушылар көлігі жүргізушілерін даярлау проблемаларын, Алматы мен жалпы Қазақстандағы жолдардағы апаттылықты атап өтті, сондай-ақ қоғамдық көлікті пайдалану кезінде халықтың мәдениетін арттыру қажеттігіне назар аударды.